Жарыстың ширек финалына Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды.
Дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ақылжан Жұбатқанов Grand Slam турнирінің ширек финалына өтті
108
оқылды

28 тамызда Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың ширек финалына Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов 1/8 финалда швейцариялық Давид Гоштан басым түсті. Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, франциялық Лука Мхеидземен белдеседі.

66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов Тәжікстан өкілі Искандар Махмадходжазаданы жеңіп, ширек финалға шықты. Ол жартылай финалға жолдама алу үшін ресейлік Рамазан Абдуллаевпен күш сынасады.

Ал Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) және Дана Әбдірова (57 келіге дейін) жарысты ерте кезеңде аяқтады.