Осылайша Шерзод Давлатов қола жүлде үшін өтетін бәсекеде өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен күреседі.
Шерзод Давлатов Лозаннадағы Grand Slam турнирінің қола медалі үшін бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК
95
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында оңтүстіккореялық Харим Лиге жол берді. 

Осылайша Шерзод Давлатов қола жүлде үшін өтетін бәсекеде өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен күреседі.

ҚР ҰОК мәліметінше, 66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чханен Кимге жол берді.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін, Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.