Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңалығын жеткізді.
«Жадымда мәңгі сақталады»: Біржан Хасанғалиев еңбек жолындағы маңызды кезең аяқталғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі
126
оқылды

Әнші Біржан Хасанғалиев Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі қызметі аяқталғанын хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында еңбек жолындағы маңызды кезең үшін алғыс білдірді. 

"Құрметті достар! Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі көпжылдық қызметім аяқталды. Бұл өмірімдегі қызыққа толы, есте қаларлық және ең бастысы, маңызды кезең болды. Біраз іс атқардым және сол еңбегімнен ләззат алдым. Көп жыл бойы еліміздің жетекші оқу орындары – П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін, сондай-ақ Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін басқарғаныма қуаныштымын. Бұл кезең менің жадымда мәңгі сақталады", – деді Біржан Хасанғалиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.