Коронавирустан қайтыс болған Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны Алматы мен Шу қалаларында нақты қай күндері болғаны анықталды.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов оның туған-туыстарына көңіл айтты.
«Туысқандарының айтуы бойынша, әйел коронавируспен ауыратын адаммен байланыспаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған», – деді Сүлен Ілиясов.
Айта кетейік, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйел коронавирустан қайтыс болды.
Мемлекет басшысы қайтыс болған әйелдің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.