Олардың жеткізілуін 28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы ұйымдастырды.
БАӘ-де қаза тапқан  апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді
фото: www.istockphoto.com
201
оқылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза тапқан Қазақстанның екі азаматы – Ақжан және Жұлдыз Бохановалардың денесі Қазақстанға жеткізілді, - деп хабарлады Aikyn.kz.

Қазір олардың қаза болу себептері мен мән-жайын БАӘ құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу жұмысына байланысты әзірге оқиғаның басқа да егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

СІМ марқұмдардың туған-туысына көңіл айтып, отбасы мүшелерімен тұрақты байланыста екенін хабарлады.

"Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.

Ақжан мен Жұлдыз Боханова Шарджаға жұмыс істеу үшін барған.

Туысының айтуынша, олар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпаған. Осыдан кейін қыздарды іздеу басталып, кейін олардың қайтыс болғаны анықталды.

 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізуге көмек сұраған жазбалар тараған еді. Алайда қазір консулдық тарапынан қажетті құжаттарды рәсімдеу және елге жеткізу жұмыстары жүргізілді.