22 доп соқса, 1000 гол болады
Роналду 978-голын соғып, тарихи межеге жақындады
240
оқылды

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Насрға» жеңіс әкелген голды соқты.

«Әл-Наср» төртінші турда «Әл-Таавунды» 2:1 есебімен жеңді. Қонақтар 11-минутта есеп ашқанымен, бірінші таймның соңында Саму Кошта таразы басын теңестірді. 

50-минутта Роналду шешуші голды соғып, командасына үш ұпай алып берді. Бұл 41 жастағы португалиялықтың клубтар мен ұлттық құрама сапындағы ресми матчтарда соққан 978-голы болды. 

Енді Роналдуға мансабындағы 1000 голдық межеге жету үшін 22 гол қалды. Оның 832 голы клубтық деңгейде, 146 голы Португалия құрамасы сапында соғылған.