Клуб ұтылып қалды
Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы толық матчын өткізді
187
оқылды

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында Англиядағы алғашқы толық матчын өткізді. Оның командасы Чемпионшипте «Норвич Ситиге» 1:4 есебімен есе жіберді.

Сәтпаев кездесуді бастапқы құрамда бастап, 90 минут бойы алаңда ойнады. Flashscore бағалауы бойынша қазақстандық футболшы 7,6 ұпай алып, «Бернли» құрамындағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Матч барысында Сәтпаев допқа 41 рет тиіп, қақпаға екі соққы жасады. Сондай-ақ жеті дриблинг әрекетінің үшеуін сәтті орындап, қарсыластың соңғы үштен бір бөлігінде 14 пастың сегізін дәл жеткізді.

«Норвич» сапынан Мохамед Туре мен Андре Брукс екі голдан соқты. «Бернлидің» жалғыз голын Джош Лоран енгізді. Ол 77-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.