Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында қыз аман қалды.
Алматыда әскери қызметші сағызға тұншығып қалған қызды құтқарып қалды
149
оқылды

Алматыда әскери қызметші сағызға тұншығып қалған қыздың өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Кезекте тұрған қыздың тынысы тарылып, жағдайы күрт нашарлаған. Оған жанында тұрған 97617 әскери бөлімінің майоры, дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков дереу алғашқы көмек көрсеткен.

Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында қыз аман қалды.