Оқиға Қарасай ауданындағы Вечерняя тауы маңында, теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте болған.
3000 метр биіктікте адасқан турист қызды құтқарушылар аман алып шықты
133
оқылды

Алматы облысында Іле Алатауының тауларында адасып кеткен турист қызды ТЖМ құтқарушылары аман алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Қарасай ауданындағы Вечерняя тауы маңында, теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте болған. Турист тау соқпағынан адасып, қауіпсіз бағытпен өздігінен түсе алмаған. Құтқарушыларға көмек сұраған қоңырау түн ортасында түскен.

ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Турист берген бастапқы координаттар бойынша қыз табылмаған. Кейін онымен байланыс үзілгенімен, құтқарушылар іздеуді тоқтатпай, шатқал бағытын тексерген.

Нәтижесінде турист табылып, қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.