Қазақстанда несиесі бар азаматтардың үлесі азайғанымен, халықтың жалпы қарызы керісінше өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстан қаржы қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында несие алған азаматтардың үлесі 88,6%-дан 87,1%-ға төмендеген.
Экономикалық белсенді халық саны 9,83 млн адамды құраса, оның шамамен 1,27 миллионының несиесі жоқ. Ал 8,56 млн азаматтың банк алдында қарызы бар. Бір қарыз алушыға шаққандағы орташа берешек шамамен 3 млн теңге.
Сонымен қатар жыл басынан бері халықтың жалпы несие қарызы 4,3%-ға өскен.
Осылайша, бір бөлігі несиесін толық өтеп жатқанымен, қалған азаматтардың қарыз көлемі артып келеді.
