Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,1% болған.
Бөлшек несие нарығының өсімі екі есе баяулады
90
оқылды

Қазақстанда бөлшек несие нарығының өсімі баяулаған. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында несие портфелі жыл басынан бері 4,3% өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,1% болған.

Несиесі бар азаматтардың үлесі 88,6%-дан 87,1%-ға төмендеді. Ал бөлшек несиеге өтінімдер саны бір жылда 11,5%-ға қысқарды. Оның 95%-ы кепілсіз несиеге тиесілі.

Ипотеканың нарықтағы үлесі артқанымен, оған өтінімдер 13,4%-ға азайған. Ал жылжымайтын мүлікті кепілге қойып алынатын тұтынушылық қарыздарға сұраныс 83,3%-ға өскен.