«Бернли» бас бапкері Қазақстан футболшысы жайлы айтты
«Дастан алаңдағы үздік ойыншы болды» – «Бернли» бас бапкері
155
оқылды

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен «Норвичке» қарсы өткен матчтан кейін қазақстандық Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді. Кездесу «Норвичтің» 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталған еді.

«Бүгін Дастанды да көрдіңіздер. 18 жастағы жігіт алаңдағы үздік ойыншы болды. Оның командаға берген энергиясын, команда үшін қалай күрескенін көрдіңіздер. Барлық ойыншы дәл осындай ойын көрсетуі керек», – деді Ники Хайен.

Бас бапкер басқа футболшылардың да өз ойынына баға беріп, қорытынды жасауы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, команда нәтижені біртіндеп жақсартуға тырысады.

«Норвичке» қарсы кездесу Сәтпаевтың Англиядағы алғашқы толық матчы болды. Ол ойынды негізгі құрамда бастап, 90 минут алаңда өткізді.