Қостанай қаласында «Текстильщик-1» бау-бақша қоғамы ауданында, облыстық маңызы бар «Қостанай – Введенка» автожолында жүк көлігінің тіркемесінен 7 шаршы метр аумақта өрт шықты.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді.
Өрт болған аумақтан көлемі 27 литр болатын 400 бос газ баллоны қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада
