Қазақстандық команда «Вуэльтаға» сегіз велошабандозбен қатысып жатыр
«Вуэльта»: Командалық есепте Astana Team 4-орында келе жатыр
214
оқылды

30 тамызда «Вуэльта Испания» веложарысының 9-кезеңі өтті. 187,4 шақырымдық таулы кезең Вильяхойосадан Альто-де-Айтана шыңына дейін созылды. Жеңісті испаниялық Энрик Мас иеленді.

Қазақстандық Astana Team үшін бұл кезең сәтті өтті. Кристиан Родригес 5-орын, ал Харольд Техада 8-орын алды. Родригес жеңімпаздан 20 секунд, Техада 33 секунд кейін келді.

Тоғыз кезеңнен кейін жалпы есепте Харольд Техада 8-орында келеді. Ол көшбасшы Энрик Мастан 4 минут 39 секунд қалып тұр. Кристиан Родригес жалпы есепте 13-орында, оның айырмасы – 9 минут 42 секунд.

Команданың тағы бір шабандозы Алессандро Ромеле ұпайлық классификацияда 3-орында тұр. Лоренцо Фортунато таулы классификацияда 5-орынға орналасқан.

Командалық есепте Astana Team 4-орында келеді.

Қазақстандық команда «Вуэльтаға» сегіз велошабандозбен қатысып жатыр. 9-кезеңде Виктор Лангеллотти жарысты аяқтай алмады