«Реал» жаңа маусымдағы үш кездесуінің үшеуінде де жеңіске жетті
«Реал» «Малаганы» ірі есеппен жеңіп, көш бастады
207
оқылды

Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының үшінші турында өз алаңында «Малаганы» 4:0 есебімен жеңді. Кездесу «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті.

Алаң иелері алғашқы таймның өзінде үш гол соқты. 19-минутта Джуд Беллингем есеп ашты. 26-минутта «Малага» қақпашысы Альфонсо Эрреро автогол авторы атанса, төрт минуттан кейін Килиан Мбаппе есепті 3:0-ге жеткізді.

Матчтың қосымша уақытында Арда Гүлер төртінші голды соғып, қорытынды есепті белгіледі. Оған нәтижелі пасты Винисиус Жуниор берді.

Осылайша, «Реал» жаңа маусымдағы үш кездесуінің үшеуінде де жеңіске жетті. Мадридтік клуб 9 ұпаймен Ла Лига турнир кестесінде бірінші орында тұр.