Олжас Бектенов Үкімет басшысы қызметіне 2024 жылғы ақпан айында тағайындалған болатын.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды
373
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Құрылтай депутаттары Қазақстан Республикасының Вице-президенті мен Премьер-министрі лауазымдарына кандидатураларды мәлімдеу үшін бас қосты.

Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары  ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.  

2006-2009 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.

2009-2012 жылдары  ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары  ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары  Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті басшысы.

2017-2018 жылдары  Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалған болатын.

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.