Вирустан қайтыс болған әйелмен Алматыда байланыста болғандар ауруханада жатыр
Вирустан қайтыс болған әйелмен Алматыда байланыста болғандар ауруханада жатыр
Фото: Интернеттен алынды
208
оқылды
Кеше коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болға екі адам Алматы облысында оқшауланды.
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова: «Коронавирустан қайтыс болған адаммен байлыныста болған екі адам Алматы облысында оқшауланды. Қазір ауруханада жатыр. Енді осы екі адаммен қарым-қатынаста болған тағы бес адам анықталды. Олар да дәрігерлердің бқылауында. Барлығының анализдері толық алынған. Нәтижесін күтеміз, дайын болғанда қосымша ақпарат береміз», – деді.
Айта кетейік, кеше 26 наурыз күні Ақмола облысы Қосшы ауылында әйел адам коронавирустан қайтыс болды.