«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып Ержан Айтөреұлы Байтілес тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қарымды қаламгер «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», Egemen Qazaqstan секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілші қызметін атқарып, журналистиканың барлық сатысынан өтті.
2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық Egemen Qazaqstan газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.
2019 жылы Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі, 2021 жылдан 2023 жылға дейін Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Ал 2023 жылдан Президент Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақ газеттері» ЖШС-сын профессор, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы 2022 жылдан бері басқарып келді.
Еске салайық, Дихан Қамзабекұлы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып сайланды.
