Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген қауесет тарап жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz.
WhatsApp-та тарап жатқан хабарламада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, оның көмекшісі, туысы, бизнесмен мен тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылып жатыр. Жарияланған хабарламада ұсталды делінген адамдардың аты-жөні толықтай жазылған.
«Кеше жұмыста болды. Бүгінгі жағдай бойынша нақты мәлімет бере алмаймыз. Біз қашықтан жұмыс істеу режиміне көштік. Құзырлы органдарға хабарласуды сұраймыз, себебі облыс әкімдігі нақты мәлімет бере алмайды», – деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері полиция қызмтетінің бұл хабарламаға қатысы жоқ екенін айтады. Сондықтан да ведомство бұл мәліметті не растамай, не жоққа шығармады.
Еске сала кетейік, Қуанышбек Ысқақов 2019 жылдың маусымда Қызылорда облысы әкімі болып тағайындалған.