Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-ба­бы­на сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен Премьер-министрінің кан­дидатураларын Құрылтай депутаттарымен келісті.
Билік теңгерімінің жаңа тетігі
200
оқылды

Мемлекет басшысының ай­туын­ша, Вице-Президент мемле­кет­тік басқару жүйесінде айрықша рөл атқарады, сондай-ақ билік тар­­­мақтары арасындағы тең­ге­рім­ді қамтамасыз етеді, Құрылтай де­путаттарымен және Үкіметпен ты­ғыз жұмыс істейді, Консти­ту­ция­ға сәйкес Мемлекет басшысы ай­қындаған міндеттерді іске асы­рады. 

Президент бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кан­дидатурасын ұсынды.

– Ерлан Қарин – елге танымал аза­мат. Ол мемлекеттік басқару жүйе­сінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көк­жиегі кең, тәжірибесі мол, отан­шыл азамат деп айтуға бола­ды. Ауқымды реформаларды сапа­лы іске асыруға белсенді түрде ат­салысты. Мемлекеттің стра­те­гия­лық бағдарын, даму жоспарын жақ­сы түсінеді. Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауа­зымға лайық деп есептеймін. Құрыл­тайдан бұл кандидатураны қол­дауды сұраймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы партиялар фракциялары жетекшілерінің пі­кірін ескере отырып, Үкімет бас­шы­сы лауазымына Олжас Абай­ұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

– Ол – мемлекетшіл, тәжіри­бе­лі, білікті азамат. Жауап­кер­ші­лі­гін жақсы түсінеді. Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді. Қазір еліміздің ал­дын­да ауқымды міндеттер тұрға­нын жақсы білесіздер. Бұл мәселе бойынша Құрылтайдың тұңғыш оты­рысында толығымен айттым. Қа­зақстан үлкен құрылыс алаңы­на айналуда. Түрлі инф­ра­құры­лым­дық жобаларды қолға алдық. Алда әлі де көп жұмыс істелуі ке­­рек. Жалпы, еліміздің Тәуел­сіз­дігі мен Егемендігін нығайтуға, мем­лекетімізді одан әрі дамытуға қа­тысты мәселелер әлі де күн тәр­ті­бінде тұр. Бұл мәселелерді бәрі­міз бірге ойдағыдай, сәтті шешуі­міз керек, – деді Мемлекет бас­шы­-сы.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Вице-Президент лауа­зы­мына Ерлан Қариннің кан­ди­да­турасы, Премьер-министр лауа­зы­мына Олжас Бектеновтің кан­ди­датурасы депутаттардың басым дауысымен қолдау тапты.

Мемлекет басшысы Вице-Пре­­­­­зидент және Премьер-ми­нистр лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ри­зашылығын білдірді.