Астанада қайғылы жол апаты болды. Велосипед мінген әйел «Газель» дөңгелегінің астына түсіп, қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Полицияның мәліметінше, оқиға сағат 23-00-де болған. Қазақ тапқан 46 жастағы әйел велосипедті басқара алмай көлікке қарай құлаған. Ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Полиция апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, 46 жастағы әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуармен келе жатқан. Жолымбет пен Бестөбе көшелерінің қиылысына жеткенде велосипедті басқара алмай құлап кеткен. Сол сәтте қиылыстан өтіп бара жатқан «Газель» көлігінің артқы дөңгелегіне түскен, – деді ¤Астана қаласы Полиция департаменті.
