Жамбыл облысында кәмелет жасына толмаған 248 қыз жүкті болып қалған
Жамбыл облысында кәмелет жасына толмаған 248 қыз жүкті болып қалған
© Sputnik / Павел Львов
152
оқылды
Жамбыл облысының әкімдігі денсаулық сақтау министрлігінен ерте жүкті болып қалғандарды жылдам анықтау үшін электронды базаға олардың тұрғылықты жері мен оқитын мектебін енгізуді сұрап отыр, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекованың айтуынша, Жамбыл облысында 2018  жылы кәмелетке толмаған 364 қыз жүкті болып қалса, былтыр олардың саны 248-ге дейін азайған. "Олардың арасында 16 жасқа дейінгі қыздардың саны – сегіз. 71-і - көрші облыстар мен Қырғызстаннан келгендер", - деді ол Nur Otan партиясында өткен жиында. Осы ретте Құрманбекова денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс айтты. "Бүкіл республикада электронды база бар екен. Бірақ, ол электронды базаға оқушының тұрғылықты жері, оқитын орны көрсетілмейді. Сондықтан біз егер ерте жүкті болып қалған қыз біздің облысқа тіркелсе, іздеп отырамыз. Осы мәселеде денсаулық сақтау министрлігі кішкене қолдау көрсетсе", - деген өтінішін білдірді әкім орынбасары.