Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастауыш сынып оқушыларының оқыту жүйесі өзгерді.
Қазақстанда 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
фото: www.istockphoto.com
211
оқылды

Биыл Қазақстанда 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Олардың 296 мыңы мемлекеттік, 23 мыңы жекеменшік мектептерде білім алады, , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биылғы бірінші сынып оқушыларының 71%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 2,5%-ы өзге тілдерде білім алады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастауыш сынып оқушыларының оқыту жүйесі өзгерді.

Қазір 2–4 сыныптарда бағалаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Енді оқушының күнделікті еңбегі, оқу барысындағы ілгерілеуі және алған білімін тәжірибеде қолдана білуі ескерілмек.