Нарықты делдалдардан тазарту мақсатында «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» іске қосылды. 6 946 кәсіпорын цифрлық верификациядан өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ал 1,1 мыңнан астам жалған өнім беруші тізілімнен шығарылды. Сондай-ақ қазақстандық қайта өңдеушілер үшін шикізаттың 25 түріне жеңілдетілген қолжетімділік кеңейтілді.
Атап айтқанда, әлемдік биржалық баға белгіленімен, 5%-ға дейін және экспорттық бағадан 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасында 2026 жылы 200 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда екені хабарланған. Олардың 84-і қазірдің өзінде іске қосылып, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жобалық қуатына шыққаннан кейін олар жыл сайын 1,5 трлн теңгенің өнімін өндіре алады. Ал оның үштен бірі экспортқа бағытталады.
