Қылмыстық іс қозғалды.
Қызылорда облысында полицейдің денесі гараждан табылды
фото: www.istockphoto.com
130
оқылды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қызылорда облысында полиция қызметкерінің қаза тапқаны жайлы ақпарат тарады. Өңірдің Полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Telegram-дағы egovpress арнасының мәліметінше, 1988 жылы туған полиция қызметкерінің денесі жеке үйдің ауласындағы гараждан зорлық-зомбылық белгісімен табылған.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми түсініктеме берді.

"Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторы  дене жарақатын алып, салдарынан қаза тапты. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр", – деп хабарлады полиция.

Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылығы үшін марқұм учаскелік инспектордың тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.