Құрылыс нарығындағы көшбасшы компания BI Group журналистерге арнап баспасөз турын өткізді.
BI Group: BuildEx тренинг орталығы бір жылда 30 мыңға жуық  маман даярлайды
180
оқылды

Басты мақсат – BI Group компаниясының баспана нарығындағы жаңалығын, BuildEx тренинг орталығында кадр даярлайтынын, «Көркем» ипотекасының артықшылығын халыққа жеткізу. 

BuildEx тренинг орталығында 12 түрлі мамандық оқытылады 

BI Group құрылыс саласында маман тапшы болғандықтан, соңғы бір жылда BuildEx тренинг орталығында кадр даярлауды қолға алды.

BuildEx тренинг орталығы Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Астанада бір апталық оқу құны 220 мың теңге тұрады. Түскі ас тегін. BuildEx тренинг орталығы сертификатының жарамдылық мерзімі – 3 жыл. Сонымен қатар дәл осындай BuildEx тренинг орталығы Өзбекстанның Ташкент қаласында да жұмыс істейді. BI Group компаниясы құрылысшы даярлайтын BuildEx тренинг орталықтарын салып, нарық талабына сай дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Орталықта BI Group компаниясының акционерлері мен серіктес мердігер компаниялардың өкілдері де білім алады. Жан-жақты жұмыстың нәтижесінде, Орта Азия бойынша құрылыс нарығында жұмыс сапасының артуына, бәсекеге қабілетті кадр даярлап шығаруда көш бастап отыр. Ең бастысы, құрылыс сапасының артуына ықпал етеді. Осылайша, BI Group компаниясы сұранысқа ие кадрлардың үлесін арттыруға үлес қосып отыр.   

Орталықта мамандар құрылыс стандарттары бойынша білім алып, құрылыс алаңында қолданылатын құрал-сайман, техника, құрылыс материалдарымен жұмыс істеуді үйренеді. 

Тас қалау, арматура тоқу, қабырға, сылау, ғимараттың қасбетін қаптау, терезе орнату, сырлау, әрлеу, гипсокартонмен қабырғаны қаптау, бөлмелерді бөлудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Кітапхана, тәжірибе алаңы барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Теорияны күнделікті практикамен ұштастырып сабақ өтеді.

«Орталықта оқитын мамандар QR код арқылы электронды кітапхананы кез келген жерде қолдана алады». 

Buildex тренинг орталығының директоры Қайрат Шаяхметовтың айтуынша, бүгінде құрылыс саласында маман тапшы. Сондықтан BI Group сұранысқа ие құрылысшыларды даярлайды.   

 «Оқу орталығында кірпіш қалауда қолданылатын құрал-саймандармен жұмыс істеуден бастап үйренеді». Buildex тренинг орталығының директоры Қайрат Шаяхметов

 «Сапалы құрылыс салу үшін білікті кадр қажет. Жұмыстың өнімділігі, сапасы кәсіби құрылысшының жұмысына тікелей тәуелді. Құрылыс саласында ғимараттың құрылысын мерзімінде аяқтауда кәсіби мамандар маңызды рөл атқарады. Құрылыс компаниясында артық шығын болмайды. BuildEx тренинг орталығында құрылысшы болғысы келетін талабы бар 18 жастан жоғары адамдарды оқытамыз. Жас шектеуі жоқ. Икемі болса, әдіс-тәсілін үйретіп, дағдысын шыңдаймыз. Мәселен, тас қалаушылар 1 шаршы метрге кірпіш қалап, 18 мың теңге алады. Күніне 60 мың теңгеге дейін қаржы таба алады. Істеген жұмысының көлеміне қарай жалақы көлемі де артады. Бір жылда Астанадағы BuildEx тренинг орталығында 4 мың адам білім алды. Дәл осындай оқу орталығы Алматы мен Шымкент және Өзбекстанның Ташкент қаласында да бар», – деді тренинг орталығының директоры Қайрат Шаяхметов. 

Бүгінде  BI Group компаниясында 5 мың құрылысшы тұрақты жұмыс істейді. Одан бөлек  маусымдық жұмыс істейтін 3000-нан аса құрылысшы бар. Соның ішінде тас қалаушыларға сұраныс көп. Себебі кірпіш қалау ауыр әрі жауапты жұмыс. BuildEx тренинг орталығының директоры Қайрат Шаяхметовтың айтуынша, кірпіш қалайтын мамандарға сұраныс көбеймесе, азаймайды.

«Гипсокартонды қиып, өлшеп дәл осы формада құрастыра алған маман үздік атанады»

«Кірпіш қалау, арматура тоқу, қабырғаны сылау процесінде құрылысшы үшін ұсақ-түйек деген болмайды. Құрылысшы әрбір әрекетін нақты өлшем, дәлдікпен тура істеуі шарт. Құрылыс стандартына сай ғимарат салу үшін әрбір құрылысшының жұмысы сапалы болғаны өте маңызды. Мәселен, кейде жастағы кісілер көп қаржы табу мақсатында жұмысқа орналасқанымен, денсаулығы, кірпіш қалауға күші жетпей жатады. Тез шаршайды. Биік ғимараттарда жұмыс істеген кезде қан қысымы көтеріледі. Сондықтан оқуға келген талапкерлерге алдын ала құрылыс саласының мән-жайын толық түсіндіреміз», – дейді Қайрат Шаяхметов.

«Кірпіш қалау – «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» жұмыс»

Кейінгі жылдары тұрғын үй, әкімшілік ғимараттарда еденнен төбеге дейін терезе орнату сәнге айналды. Айнадай жарқыраған әйнектен ғимарат салудың да өз тәсілі бар. Терезе орнатудың стандарттары туралы корпоративтік тренер Нұрылла Ұлан егжей-тегжейлі айтып берді. 

Терезе үй, ғимарат жарық болуы үшін орнатылады. Бөлменің ауасы таза болуы үшін күнделікті ашып-жапқанда терезенің механизмі дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Құрылыс компанияларына климатқа байланысты құрылымы бес камералы терезені орнату ұсынылады. Себебі сапалы терезе күн сәулесі, ыстық-суықтың әсеріне төзімді болады. 

«Сапалы терезе таңдау, оны дұрыс орнату өте маңызды. Бөлменің ауасын тазарту үшін терезенің ашып-жабылуы, қыста-жазда ыстық-суыққа төзімділігіне мән береміз. Астана қаласында, солтүстік өңірде ауа температурасына қарай бес камералы  жоғары санатты терезені орнатамыз. Тұрғын үйдің комфорт, бизнес класына қарай терезенің де түрі, санаты жоғарылай береді. Тренинг орталықта білім алатын құрылысшылар терезе орнатудың қыр-сырын толықтай меңгеріп шығады. Теорияны оқығаннан кейін практикалық емтихан тапсырады. Іс жүзінде терезе орнату қолынан келетін болса ғана сертификат береміз. Терезе орнатуға икемі болмаса, басқа мамандықты таңдап оқуына болады», – дейді корпоративтік тренер Нұрылла Ұлан. 

 

Журналистер BuildЕx тренинг орталығының жұмысымен қатар BI Group компаниясының Астана қаласында салынып жатқан GreenLine жобасымен танысты. Құрылысы аяқталуға таяу ауласын абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы маңында орналасқан үйлердің ауласында тұрғындарға қажетті барлық мүмкіндік қарастырылған. Мектеп, балабақша, емдеу мекемелері, қауіпсіз аула, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалған.  GreenLine жобасының жетекшісі Иван Бакулиннің айтуынша, қазір баспана нарығында тұрғындардың талабы жоғары, талғамы өзгерген. 

 GreenLine жобасының жетекшісі Иван Бакулин

«Астана қаласында баспанаға сұраныс көп. Үй сатып алатын тұтынушылар үйдің жайлылығы, маңайындағы әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне айрықша назар аударады. Үйдің сапасы маңызды рөл атқарады. Себебі Астанада ауа райының күрт құбылмауы болуы, қыс мезгілінің ұзақтығын ескереміз. Құрылыста отандық өнімнен цемент, арматураны қолданамыз. Қасбет, сантехника, ішкі әрлеу жұмыстарына қажет құрылыс материалдары шетелден жеткізіледі. Қазіргі кезде тұрғындар үшін балабақша, мектеп, емхана, дүкен барлығы бір қалашықтың ішінде болғаны немесе жақын маңайда орналасқаны өте маңызды. Сондай-ақ саябақ, балалар ойнайтын алаңның кеңдігіне де мән береді. Қала халқының күн сайын саны артып келе жатқанын ескерсек, тұрғындарға жайлы тұрмыс үшін барлығы қолжетімді болуы қажет», – дейді GreenLine жобасының жетекшісі Иван Бакулин. 

Нарықта тұрғындар үшін жайлы, қолжетімді пәтер, қауіпсіз аула, сапалы қызмет көрсетуде BI Group компаниясы көш бастап келеді. 

«Көркем» ипотекасының өзге бағдарламадан артықшылығы қандай? 

BI Group пен Freedom bank-пен бірлесіп, «Көркем» ипотекалық бағдарламасын іске қосты.  

Бағдарламаның басты шарты мынадай: бастапқы жарна 30 пайыз қаржыны депозитке салады. Депозит сыйақысы – 7 пайыз (ЖТСМ  7,00%-дан бастап). Табысын растап, қалған 70 пайызын Freedom bank арқылы 6 миллион теңгеден бастап 100 миллион теңгеге дейін ипотекаға рәсімдей алады. Ипотеканы 240 айға дейін рәсімдеуге болады. Ипотеканы мерзімінен бұрын төлегені үшін комиссия төлемейді. Бұған дейін өз меншігінде баспанасы бар болса да, «Көркем» ипотекалық бағдарламасымен үй ала алады.    

BI Group компаниясының тарихынан бастап, тиімді ипотекалық бағдарламаларымен танысқан журналистер BuildЕx тренинг орталығында кірпіш қалаудан бастап, ішкі әрлеу жұмысына дейінгі процесті өз қолымен істеп көрді.  BuildЕx challenge жеңімпаздары жүлдеге ие болды.    

Айта кетейік, бұған дейін BI Group компаниясы жүзеге асырып жатқан «Ана үйі», BI-Juldyzai,  IQanat оқу орталығының қоғамға қосқан үлесі, жетістіктері туралы жазған болатынбыз.  

Майра ЖАНЫСБАЙ