Жарыс 18-20 қыркүйек аралығында өтеді.
Құзға өрмелеуден әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: ҚР ҰОК
142
оқылды

Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Чунцин қаласында өтетін әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыс 18-20 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан атынан додаға бес спортшы қатысады.

Ерлер арасындағы «жылдамдық» сайысында Әлихан Татамбай, Рашид Хайбуллин және Ришат Хайбуллин өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Арина Новицкая мен Анна Баларшина ел намысын қорғайды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан спортшылары эстафеталық сайыстарға да қатысады. Ерлер эстафетасында ел атынан Рашид Хайбуллин мен Ришат Хайбуллин шығады. Әйелдер эстафетасында Анна Баларшина мен Арина Новицкая өнер көрсетеді.

Ал аралас эстафетада Қазақстан құрамасының сапында Әлихан Татамбай мен Арина Новицкая бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.