Нұр-Сұлтан мен Алматыда 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында жұмыс істейтін кәсіпорындарды әкімдер нақтылайды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында жұмыс істейтін кәсіпорындарды әкімдер нақтылайды
Фото: Интернеттен алынды
274
оқылды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал туралы әкімдер А. Көлгінов пен Б. Сағынтаев баяндады.
Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті.
Жұмыс істемейтін мекемелердің толық тізімі қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.