Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотында оның кінәсі дәлелденді.
10 тәулікке қамауға алынды: Жамбыл облысында ер адам кәмелетке толмаған баланы қорлаған
фото: www.istockphoto.com
304
оқылды

Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға тамыз айында Жаңатас қаласындағы кафелердің бірінде болған. Ер адам қоршаудан өтіп, кафе аумағына кіріп, кәмелетке толмаған баланы қорлап, жанындағы заттарды лақтыра бастаған.

Баланың анасы полиция шақырған. Оқиға бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот отырысында ер адам оқиға кезінде масаң күйде болғанын айтып, болған жағдайды есіне түсіре алмайтынын жеткізді.