Құжат мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу жеңілдейді
фото: www.istockphoto.com
318
оқылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжат жобасын әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атап айтқанда, өтініштерді қабылдаудың цифрлық тетіктерін енгізу, формалды себептермен өтінішті қабылдаудан негізсіз бас тарту жағдайларын болдырмау және анықталған кемшіліктерді өтінішті қайта бермей-ақ түзетуге мүмкіндік жасау көзделген.

Түзетулер қабылданған жағдайда:

өтініштерді қабылдау және қарау тиімділігі артады;

формалды себептермен өтініштерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары азаяды;

әкімшілік кедергілер мен қызмет алушылардың қайта жүгіну саны қысқарады;

анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін мемлекеттік қызметті көрсету уақытша тоқтатылып, кейін қайта жалғастырылады;

цифрлық құралдарды қолдану арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.