Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Санитарлық авиация жүкті әйелді Талдықорғанға жедел жеткізді 
541
оқылды

Санитарлық авиация қызметтері аясында «Қазавиақұтқару» ұшқыштары жүкті әйелді Үшарал қаласынан Талдықорған қаласына медициналық тасымалдауды жүзеге асырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұшу барысында әйелдің жағдайын санитарлық авиацияның медицина қызметкерлері бақылап, қажетті медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Талдықорғанға келгеннен кейін әйел әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.