Облыстық ПД жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы көшелердің бірінде мотоциклді қорғаныш дулығасынсыз басқарып келе жатқан азаматты байқады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақпарат бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоциклді тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті басқару құқығы жоқ екені анықталды.
Сондай-ақ мотоциклге тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені белгілі болды.
Құқық бұзушылықтар бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.
