Азия чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысып жатыр
160
оқылды

Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған байрақты додада төрт қазақстандық жұп өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад, сонымен қатар, Сергей Богату мен Кирилл Гурин сынға түседі.

Әйелдер арасында Кристина Каримова және Екатерина Рюхова, сондай-ақ, Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова бақ сынайды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.