Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Журналист продюсерден “Тұрсын мырзаның бірінші жұбайымен бір дастархан басында отыруыңыз мүмкін бе?” деп сұрады.
Баян Алагөзова мұндай жағдайда балалар болғандықтан, бұрынғы өкпе-реніштен ұмытып, олардың көңілін бірінші орынға қойған дұрыс деп есептейтінін айтты.
“Ешқашан “ешқашан” деп айтпа дейді ғой. Егер адамдар ажырасқанда айғай-шусыз, ұрыс-керіссіз, төбелессіз, бір-біріне қастандық жасамай, мәдениетті түрде айырылыса алса, бәрі әлдеқайда жақсы болар еді. Сондықтан мен ештеңені жоққа шығармаймын. Ол – мен араласатын балалардың анасы. Мен бұған қарсы емеспін”, – деді продюсер.
Сонымен қатар продюсер Тұрсын Алагөзовтің ұлы үйленсе, оның тойына барғысы келетінін жасырмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
