Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан (Эр-Эңиш) Қазақстан құрамасының спортшысы Расул Құрайыш 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спорт комитеті мәліметінше, ақтық сында қырғызстандық қарсыласымен белдескен отандасымыз жеңіліс тауып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қожагелді Нұрсұлтан жүлдегер атанған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
