Ашық суда жүзуден Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.
Әлем чемпионатында бақ сынайды
234
оқылды

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды: Саида Елемес, Ярослав Губарев, Тимофей Лебедев, Руслан Мак­симов, Дарина Сысоева.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-6 қыр­күйек аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына 5, 7,5 және 10 шақырымдық қашықтықтар, 3 шақырымдық нокаут-сп­ринт, сондай-ақ аралас эстафеталар енгізілген.