VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш – белбеу күресінен еркін стиль бойынша Жандос Әбубәкіров жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жандос Әбубәкіров жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.
Спортшымыз жарыс барысында шеберлігі мен қайсарлығын танытып, ел намысын абыроймен қорғады.
Бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қожагелді Нұрсұлтан қола жүлдегер атанған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
