Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі лауазымына Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.
Вице-президент жаңа министрді таныстырды
454
оқылды

Мемлекет басшысының тап­сыр­масымен Ерлан Қарин ве­домство ұжымына жаңа ми­нистр­­ді таныстырды.

Вице-Президент жаңа Конс­титуция күшіне енгеннен кейін еліміздің саяси-мемлекеттік мо­делінде жаңғыру үдерісі бастал­ға­нын айтты. Сондай-ақ бір па­латалы Құрылтай депутат­тары­ның сайлауы өтіп, қазіргі уа­қытта Олжас Бектенов бас­қа­ра­­­тын жаңа Үкімет құрамы жа­сақ­талып жатқанына тоқталды.

Ерлан Қарин сыртқы саясат са­­ласында тәжірибесі мол Мұхтар Тілеуберді Мемлекет бас­шысы айқындаған міндет­терді тиімді орын­дайтынына сенім білдірді. Ол жаңа министр мен министрлік ұжымының алдағы қызметіне та­быс тіледі.

Сондай-ақ Вице-президент Сыртқы істер министрі лауазы­мын­дағы абыройлы қызметі үшін Ермек Көшербаевқа алғыс айтты.