Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі деп дауылды ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Олардың мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығы туындап, жаңбыр, найзағай, тұман, желдің күшеюі, шаңды дауыл және үсік жүруі мүмкін.
Найзағай, жаңбыр Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі.
Желдің күшеюі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында болжанады.
Үсік Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Абай облысында күтіледі.
