Олар – Қызылорда қаласының 20-35 жас аралығындағы тұрғындары.
Қызылордада той кортежі: жол ережесін бұзғандар полицияға жеткізілді
фото: www.istockphoto.com
160
оқылды

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген Қызылорда облыстық полиция департаменті құқыққа қайшы бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бейнежазбада бірнеше жүргізушінің қала аумағында кортеж ұйымдастырғаны анықталды.

- Олар жол ережесін елемеген. Жол жүрісі, маневр жасау, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзған және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік құралын басқарған. Барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар – Қызылорда қаласының 20-35 жас аралығындағы тұрғындары, - делінген хабарламада.

Құқық бұзушыларға қатысты 15 хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды.  Бір көлік арнайы тұраққа қойылды. Барлық қатысушыға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту берілді.

Еске салайық, жуырда Жаңақорған ауданындағы орталық көшелердің бірінде көптеген көліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі анықталды.