Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ғалымжан Қойшыбаев 12.04.1968 жылы Қызылорда қаласында туған.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (1991 ж.) білім алған.
Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)
1991-1994 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты.
1995-1997 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
1997-1998 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
1998-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің Кеңесші-Уәкілі.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі.
2004-2006 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008-2012 жж. Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы).
2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы).
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтардан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалған болатын.
2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
"Құрмет" ордені, "Құрмет кресі" Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы Командир), “Құрмет" ордені, 2008 ж., “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл", 2018 ж. мерейтойлық медальдармен марапатталған.
