Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды
140
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Серік Мақашұлы Жұманғарин – Қазақстанның экономикалық және мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдар еңбек еткен мемлекеттік қызметші. Ол 1969 жылғы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Серік Жұманғарин Мәскеу энергетика институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2005 жылы Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде басшы орынбасары қызметінен бастады. Сол кезеңде Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімін де басқарды.

2006-2008 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасында басшылық қызметтер атқарды.

2008-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры болды. Сонымен қатар «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігінде басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментін басқарды. Кейін осы министрліктің Өңірлік даму комитетінің төрағасы болды.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының өңірлік даму вице-министрі қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы болды.

2017-2019 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі – министр қызметінде болды.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.

2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметін атқарды.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда бұл қызметке қайта тағайындалды.

2024 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2026 жылдың 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен қайта Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.