Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президент Жаслан Мәдиевті Премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындады
172
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazyna Capital Management» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2022 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етіп келеді.

2022-2024 жылдары Binance Kazakhstan криптовалюталық биржасының бас менеджері.

2024 жылғы 6 мамырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

2025 жылғы 18 қыркүйекте Президент Тоқаевтың Жарлығымен министрлік атауы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып өзгертілді. 29 қыркүйекте Қазақстан Президентінің №1019 Жарлығымен ол Премьер-министр орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев сол қызметіне қайта тағайындалды.