Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ол 1976 жыл 13 қазан Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы дүниеге келді.
Білімі: Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.
1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы.
1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор.
2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры.
2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры. 2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры.
2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі.
2013 жылдың 13 ақпанынан Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың өкімімен Қызылорда қаласы әкімі қызметіне тағайындалды.
2021 жылдың 2 сәуірінде Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысты.
2022 жылы сәуірден бері Қызылорда облысы әкімі.
2026 жылғы 6 мамырдан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып, сол жылдың 3 кыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған.
