Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды
172
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Қуантыров 1983 жылғы 14 қарашада Гурьев қаласында дүниеге келген. 2005 және 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетінде «Қаржы және кредит» пен «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация», мамандықтары бойынша және 2010 жылы Қолданбалы экономика магистрі дәрежесімен Мичиган университетін «Болашақ» стипендиясы бойынша тәмамдаған.

Мансабын 2005 жылғы қыркүйектен 2006 жылғы ақпанға дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2006 жылғы ақпаннан 2010 жылғы қазанға дейін ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болды.

2010 жылғы қарашада Қуантыров Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы бола тұрды. Сол жылғы қарашадан 2013 жылғы ақпанға дейін ол Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті және Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының рынбасары.

2013 жылғы ақпан мен маусым аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 2013 жылғы маусым мен 2019 жылғы сәуір аралығында Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің Бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылдың ақпанынан 2022 жылғы қаңтарға дейін үкімет қаулысымен Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қуантыров Қазақстанның Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2023 жылғы сәуірде қайта тағайындалды. Әлихан Смайылов үкіметінің отставкасынан кейін, 2024 жылғы 6 ақпанда ол министр қызметінен босатылды.

2024 жылғы 1 сәуірде Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды.[5] Ол бұл қызметті сол жылдың 8 тамызына дейін атқарды.

2024 жылғы 30 шілдеде Президент өкімі арқылы Қуантыров Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйектегі екінші Олжас Бектенов үкіметінің құрылымы кезінде Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған, бүгін Президент жарлығымен өз қызметіне қайта тағайындалды.