Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды
189
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылғы, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бухгалтерлік мектепті (1984 ж) бітірген соң, Омбы ауылшаруашылық институтында (1992 ж) білім алды. Артынан М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, зооинженер, мемлекеттік басқару бакалаврын (2006 ж) бітірді. 

Қызметін совхоз бухгалтерінен бастаған ол 1992 жылы Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры (1992-1995 жж )болды. Одан кейін 7-8 жылдай коммерциялық құрылымдарда қызмет (1995-2003 жж) етті. 

2003-2005 жж «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, келесі жылында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы болды. 

2006-2008 жж. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында және кейінгі екі жыл Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болды. 

Артынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары (2010-2011 жж), Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2011-2019 жж), одан кейін ҚР Бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі (2019-2022жж) болып тағайындалды. 

2023 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болғанға дейін бір жыл Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 

2026 жылы бүгін өз қызметіне қайта тағайындалды.