Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітіріп, еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеп, 2014 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының міндетін атқарды.
2014-2021 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. Одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.
2022-2023 жж. — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі. Бір жыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болды.
2024-2025 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2025-2026 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалып, бүгінгі күні өз қызметіне қайта оралды.
