Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ШҚО тұрғынының үйінен 35 келі қарасора табылды
Фото: polisia.kz
251
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қарасораны заңсыз өсіру және сақтау фактісін анықтады. Глубокое ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үй мен шаруашылық құрылыстарын тінту барысында полицейлер өсімдік тектес зат түйіндерін, кептірілген өсімдік бөліктерін және 40 түп бұтаны тапты. Сараптама тәркіленген заттардың есірткі құралдарына жататынын растады.

Негізгі тәркіленген зат бақшадан табылды. Үй маңындағы аумақта полицейлер тағы 156 түп қарасораны анықтады.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 34,9 келіні құрады.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.