Автокөлікті алып шығу жұмыстарына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды
Құтқарушылар Есіл өзеніне батып кеткен жеңіл көлікті алып шықты
246
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен. Оқиға орнына көлік иесіне көмек көрсету үшін ТЖМ құтқарушылары жедел жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Автокөлікті алып шығу жұмыстарына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітті. Осыдан кейін құтқарушылар авариялық-құтқару автомобилінің көмегімен көлікті сәтті шығарды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.