Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан мен Лаос арасында үкіметаралық құжаттарға қол қойылды
183
оқылды

Қазақстан мен Лаос мемлекеттері басшыларының қатысуымен бірнеше үкіметаралық құжатқа қол қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.